
Әбу Нұрбақыт Серғазыұлы — математика пәні мұғалімі, жас маман.
Бүгін үлкен үзілісте оқушылардың белсенділігін, логикалық ойлауын арттыру мақсатында «Көңілді үзіліс» ұйымдастырдым. Бұл үзілісте балалардың ақыл-ойын арттыру мақсатында логикалық сұрақтар қойылды, оқушылар жауап берді. Бұл сұрақтар олардың ойлау қабілетін, зейінін және жылдамдықтарын дамытуға көмектесті. Барлық оқушылар белсенділік танытты және үзілісті өте тиімді пайдаланды деп ойлаймын. Оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп қалды.