Сундетов Габит Насырұлы, 17.03.1966 жылы, Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына 1983 жылы түсіп, 1990 жылы география-биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. Әскери лауазымы — запастағы лейтенант. 1990 жылы Орал педагогикалық институттың физикалық география кафедрасында оқытушы қызметіне қабылданды. 1995 жылға дейін Орал педагогикалық институтының география кафедрасында оқытушы қызметімен қатар, қосымша институттың жоғарғы ғылыми одағының мүшесі ретінде жұмыстар атқарды. 1995-1999 жылдары Орал педагогикалық институты жанындағы Батыс Қазақстан облыстық лицейінде география пәні мұғалімі және шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1999-2001 жылдары Астана қаласындағы №6 мектепте география пәні мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2001-2006 жылдар аралығында Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері, кейін бас маманы қызметтерін атқарды. 2006 жылдан 2021 жылға дейін Астана қаласы №24 орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқаруда. Мектептегі жұмыс істеген кездерімде №24 мектепке Мыңбала, Биоақпараттандыру және синергетика жобаларын енгізді. Қаржылық сауаттылық, гидропоника, Stem академия, робототехника эксперименттік алаңдарын ашып, жүргізіп оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндіктер жасалды.
2018 жылы «Білім беру саласының үздігі» медалімен және де басқа көптеген Білім министрлігі, Білім басқармасы, Астана қаласы, Алматы ауданы әкімдерінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Директормен байланысу:
Email: sundetov_gabit@mail.ru
Тел: +7(7172) 50‒15‒35
Сайт:https://57-astana.edu.kz/Директордың-блогы/
Средняя школа №57, улица Шарбакты, 46, Астана
57-astana@edu.kz
+7 (7172) 50-15-36
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған.