Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда жасөспірімдер ортасында жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу шаралары қарастырылған. ТОЛЫҒЫРАҚ
БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ
Зорлық-зомбылықтың алдын алу
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Сол себепті «Зорлық-зомбылықтың алдын –алу мәселелері» бойынша стенд жасалды.
Өмір туралы ойлана қалсақ, Конфуцийдің ой-пікірлері қызық әрі мағыналы екенін түсінеміз. Данышпан бір еңбегінде «мейірім мен махаббат жоқ жерде өмір сүрмеген абзал» деп жазыпты. Конфуцийдің әлгі пікіріндегі «өмір сүрмеген абзал» деген сөз ешкімді ол ортадан кетіп қалуға меңзеп тұрған жоқ. Керісінше, сол ортаны мейірімге қарық қылып, махаббатқа, шапағатқа толтыруға шақырып тұр. Өйткені, дәл осы тұжырымының соңында ұлы ойшыл өз ой-пікірін «мейірімді ортада өмір сүруге ұмтылу – өмірдегі ең үлкен ұмытылыс» деп аяқтайды. Бұдан біз мейірімді болуды өзімізден бастауымыз қажет екенін түсінеміз.
Халқымыздың арғы-бергі тарихында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттерінің алатын орны ерекше екені белгілі. Ата-бабаларымыз сан ғасырдан бері ұстанған Ислам діні де бізді ең алдымен мейірімді болуға шақырады. Ал мейірімнің адам бойына сіңісті болуы отбасындағы тәлім-тәрбиеге, ата-ананың балаға көрсететін үлгі-өнегесіне тікелей байланысты.
Хакім Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өлеңі бар. Қандай тамаша сөз, орнықты ой. Егер біз, адамзаттың бәрін сүйіп, бәріне мейіріммен, сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарай алсақ, онда бүгініміз шуақты, ертеңіміз нұрлы болады. Шуақ пен нұр жанымызға жақсылық ұялату үшін өзіміз мейірімді болайық. Ал дөрекі сөз, ғайбат, өті¬рік, қатыгездік өмірімізді астан-кестен етеді. Сол үшін де жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, барынша көркем мінез танытуға тиістіміз. Баламыз көркем мінезді болуы үшін өзіміз көркем мінезді болуымыз қажет. Сонда ғана жастар арасындағы топтық төбелестер, әлімжеттік, үлкеннің кішіге «салық» салып, үстемдік құрғысы келетін заңға қайшы іс-әрекеттері азаяды.

«Есірткісіз қала. Берекелі ел»
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Қазақстанның болашағы бүгін – біздің сөзімізбен ісімізде, ниетімізбен ісімізден туады». Бұл ретте Елбасы биылғы жылы ішкі істер органдарының есірткі қылмысымен күресудегі қызметін жандандыруды тапсырды.
Ұлт болашағы – біздің өскелең ұрпақ.
Синтетикалық есірткінің қазіргі мәселесі бүкіл қоғамды алаңдатып отыр, өйткені олардың құны есірткінің «дәстүрлі» түрлеріне қарағанда бірнеше есе арзан және олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы сатылады, бұл мемлекеттің, ел экономикасы және оның тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді
Елордадағы нашақорлық жағдайын талдау жоғары концентрацияланған есірткілерді тұтынудың өсуі біздің тұрғындардың нашақорлық деңгейінің жоғарылағанын көрсетеді, бұл еліміздің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін төмендететін негізгі фактор болып қала береді.
Осы бағытта қала прокуратурасы Елордада нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы күреске бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарын үйлестіру бойынша жұмыстарды жүргізуде, оның ішінде олардың қазіргі заманғы есірткі қылмысының себептері мен жағдайларын, таралуын және оларды залалсыздандыру мүмкіндіктерін анықтау мәселелері жүргізіліп жатыр.
Жағдайды тұрақтандыру мақсатында қылмыстық қудалау органдары нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің кешенді жоспары аясында біршама жұмыстар атқарылды.
Осы бағытта құқық бұзушылықтың осындай түрлерінің алдын алуға бағытталған бұқаралы ақпарат құралдарында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, оның ішінде әлеуметтік желілерде жарнамалық акциялар, семинарлар, лекциялар, кездесулер, спорттық іс-шаралар, жарыстар және басқа да іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Қорытындылай келе, астанамыздың тұрғындарын нашақорлық пен есірткі қылмысымен күресте бірігуге шақырамын.

Средняя школа №57, улица Шарбакты, 46, Астана
57-astana@edu.kz
+7 (7172) 50-15-36
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған.