
Тәлімгерлік — жас маманға білімін, тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерінің ашылуына көмектеседі. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады. Тәлімгер өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды: жас маманға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді, оған шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі. Сондай құзырлы, құзыретті тәлімгерлер біздің мектебімізде де жұмыс жасап келеді.
Бүгінгі “Тәлімгерден тәлім” іс-шарасында өзінің іс-тәжірибесін бөліскен Сүндет Гаухар Қорғамбаевна, Қожагелдинова Шаруан Назарбековна, Елеуова Айгерім Тенизбаевна, Абдырахманова Гулназия Султангалиевна — ұлағатты ұстаз, білікті маман , білімді тұлға, кәсіби шебер екендіктерін көрсетті. Тәлімгерлер жас мамандардың назарына қазіргі білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер, проблемалық оқыту, ұлттық құндылықтарды сабақта кіріктіру, сабақтың жоспарын тиімді жоспарлау, нәтижелі әдіс-тәсілдер, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілік жайында тәлім берді.
«Тағылымды тәлімгер– жас маманнның зергері» демекші, келешекте сіздер тәрбиелеп, тәлім берген жас мамандардың ұлағатты, білікті маман болатынына үлкен сенім білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін!