Uncategorized

Uncategorized

1 орынға ие болғаны үшін 57 мектебінің оқушысы Сейдуәлі Салтанат марапатталды

7 мамыр — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер күніне және9 Мамыр-Ұлы Жеңістің 80-жылдығына арналған «NYSANA-2025» атты пневматикалық мылтықтан оқ ату жарысында 1 орынға ие болғаны үшін 57 мектебінің оқушысы Сейдуәлі Салтанат марапатталды. Жетекшісі АӘД пәні мұғалімі Ш. Әбдікерімов

Uncategorized

Бүгін мектепте “Үйренейік, ізденейік, жас маман!” 

Бүгін мектепте “Үйренейік, ізденейік, жас маман!” атты жас мамандар апталығы аясында жас мамандар мен тәлімгерлердің ұйымдастыруымен “Нәтижелі сабаққа тиімді әдіс — тәсілдер” жәрмеңкесі өтті. Жас мамандар өздерінің оқыту үдерісінде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Іс-шара аясында мектебіміздің жас мамандары креативті идеялардың иесі, жауапкершілігі жоғары жас маман және келешек шебер ұстаз болатынын көрсетті.

Uncategorized

Жас мамандар апталығы аясында мектеп психологтары

Жас мамандар апталығы аясында мектеп психологтары “Әлем менімен әдемі” тақырыбында жас мамандармен психологиялық тренинг өткізді. Тренинг жоғары шығармашылық деңгейде өтті. Жас мамандар бірлескен жұмыстың маңызын түсінді. Эмоцияны басқару, ашулы эмоцияны жақсы эмоцияға айналдыруды, ұстаздық жолдың қиындығы мен қызығы, тәлімгер мен жас маман арасында тығыз байланыс туралы өрбіді.

Uncategorized

Тәлімгерлік — жас маманға білімін

Тәлімгерлік — жас маманға білімін, тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерінің ашылуына көмектеседі. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады. Тәлімгер өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды: жас маманға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді, оған шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі. Сондай құзырлы, құзыретті тәлімгерлер біздің мектебімізде де жұмыс жасап келеді. Бүгінгі “Тәлімгерден тәлім” іс-шарасында өзінің іс-тәжірибесін бөліскен Сүндет Гаухар Қорғамбаевна, Қожагелдинова Шаруан Назарбековна, Елеуова Айгерім Тенизбаевна, Абдырахманова Гулназия Султангалиевна — ұлағатты ұстаз, білікті маман , білімді тұлға, кәсіби шебер екендіктерін көрсетті. Тәлімгерлер жас мамандардың назарына қазіргі білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер, проблемалық оқыту, ұлттық құндылықтарды сабақта кіріктіру, сабақтың жоспарын тиімді жоспарлау, нәтижелі әдіс-тәсілдер, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілік жайында тәлім берді. «Тағылымды тәлімгер– жас маманнның зергері» демекші, келешекте сіздер тәрбиелеп, тәлім берген жас мамандардың ұлағатты, білікті маман болатынына үлкен сенім білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін!

Uncategorized

Әбу Нұрбақыт Серғазыұлы — математика пәні мұғалімі

Әбу Нұрбақыт Серғазыұлы — математика пәні мұғалімі, жас маман.Бүгін үлкен үзілісте оқушылардың белсенділігін, логикалық ойлауын арттыру мақсатында «Көңілді үзіліс» ұйымдастырдым. Бұл үзілісте балалардың ақыл-ойын арттыру мақсатында логикалық сұрақтар қойылды, оқушылар жауап берді. Бұл сұрақтар олардың ойлау қабілетін, зейінін және жылдамдықтарын дамытуға көмектесті. Барлық оқушылар белсенділік танытты және үзілісті өте тиімді пайдаланды деп ойлаймын. Оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп қалды.

Uncategorized

25 маусым. Оқу жылын аяқтау.

Последний звонок для выпускников 9 и 11 классов прозвенит 25 мая. Вручение аттестатов запланировано на середину июня также в офлайн-режиме на открытом воздухе.  Церемонию последнего звонка планируется провести 25 мая по согласованию с главными санитарными врачами регионов с соблюдением санитарных норм. Решение о формате проведения последнего звонка принимает каждая школа самостоятельно. Для выпускников 9 и 11 классов рекомендовано провести торжественную линейку на открытом воздухе на территории школы.

Прокрутить вверх