АТА-АНАҒА КЕҢЕС

Ата – аналарға психологиялық ұсыныс-кеңестер.

  • Баланың қойған сұрағына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
  • Балаңыздың жеке бөлмесі немесе бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
  • Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық
  • іс — әрекетпен айналысып отырса.
  • Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсетіңіз.
  • Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
  • Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
  • Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының

ой-пікірімен санасыңыз.

  • Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
  • Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
  • Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
  • Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуде балаңызға көмек көрсетіңіз.
  • Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
  • Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
  • Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
  • Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
  • Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
  • Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
  • Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
  • Балаңыздың өткір ойлылығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай оятуға болады?
v Бала сіздің өзіңіздің қалай сүйсіне кітап оқитыныңызды көруі керек. Қалай кітаптардан мысал келтіре сөйлейтініңізді, қалай кітап оқып күлетініңізді көрсін. Оқыған қызықты дүниеңізбен бөлісіңіз.
v Бір-біріңізде кезектесіп әңгімелер, қызықты оқиғалар оқыңыздар. Теледидар көрудің орнына уақытты кітап оқумен өткізіңіз.
Оқуды қалай бағалайтыныңызды көрсетіңіз: кітаптар сатып алыңыз, кітап сыйға тартыңыз.
v Бала кітап, журналдарды өзі таңдайтын болсын.
v Баланың өзі оқыған кітаптары туралы пікірін сұрап отырыңыз.

 

Баланың мерзімді баспасөзден жұлдызнама, әзіл-сықақ болсын көп оқуына көңіл бөліңіз.
Көрнекі жерге баланың кітап оқуда жеткен жетістіктерінің тізімін іліп қойыңыз. (Қандай уақытта қанша кітап оқығаны туралы).
Үйде балалар кітапханасы болу керек.
Баламен бірге сөзжұмбақ шешіңіз.
Баланы шабыттандыратын белгілі бір тақырыптағы кітаптарды жинаңыз (мысалы, динозаврлар немесе ғарышқа саяхат жайлы).
Балаларға ұзақ туындыдан гөрі қысқа әңгімелер оқыған дұрыс. Сонда бала оқып тауысқан кезде рахаттанатын болады, ұзақ шығармадан бала жалығып кетеді.
Бала фильм көрер алдында немесе кейін сол туралы кітап оқуға ұсыныс айтыңыз.
Баланың дауыстап оқуына да жағдай жасаңыз. Бұл балаға өз-өзіне сенімділігін дамытады.

«Баланың сабаққа деген мотивациясын қалай көтеруге болатыны жайында»


  • Балаңызбен мектепке бару мен білім алудың маңыздылығын талқылаңыз. Бұл өте маңызды.
  • Балаңыздан күнделікті оқу күні қалай өткенін сұрап тұрыңыз. Баланың оқу күні туралы ештеңені бүкпей айтатынына көз жеткізіңіз.
  • Балаға үй тапсырмасын және қандай да бір өзі орындау керек жобаның берілген, берілмегенін сұраңыз.
  • Балаңызға ешқандай тапсырма берілмесе, оның 30минут уақытын қайталау, жаттығу жұмыстарына жұмсауын қадағалаңыз.
  • Баламен бірге отырып, оның қандай да бір жетістіктерін талқылаңыз. Қажет болса, оның қандай да бір жағымсыз іс-әрекеттеріне шектеу жасаңыз.

 

  • Жақсы іс-әрекеттерін мақтаңыз. Тек қана жағымсыз әрекеттерін айта бермеңіз.
  • Балаңыз емтиханды нашар тапсырса да, оған демеу болатын сөздер айтыңыз.
  • Балаңыздың мектепте үлгерімі нашар болатын болса, оған қосымша көмек көрсетуге үйде дайындауға мұғалім шақыртыңыз.
  • Баланың мұғалімімен оған қандай да бір көмек көрсететін альтернативті көмектер сұрап сөйлесіңіз.
  • Ең бастысы баланың үлгерімі мен тәртібі туралы хабардар етіп отыратын адам- мұғалімімен әрқашанда байланыста болыңыз.
  • Баланың алдына нақтылы мақсаттар қоюына көмектесіңіз: неге қол жеткізу керек, қандай білім алу керек.
  • Баланың сол мақсатына жету уақытын бірлесе белгілеп алыңыз.
  • Мүмкіндігінше бала білім алудың нақтылы неге қажеттігін білу керек.(Маған мұны білудің қажеті қанша, өмірде оны қалай пайдаланамын)
  • Оқу үрдісі кезіндегі баланың нәтижелерін уақытылы қадағалап отырыңыз.
  • Баланы мадақтаудың әдісін ойлап табыңыз (бүкіл отбасының алдында мақтау). Оған мотивация болатындай баланың нақтылы іс-әрекетін мақтаңыз.
  • Жасөспірімге үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз. Жақсы сөз айтып, кеңестер беріп отырыңыз.
  • Мектепте жаңа білім алуына ынталандырыңыз.
  • Жасөспірімдер топтасып, бір-бірімен араласа жүріп, бірлесе жұмыс істейтін болғандықтан, білім алу да солай іске асуы керек.
  • Баланың жағымды әрекетін талқылаңыз. Оның оқу пәндеріне қатысты пікірін сұраңыз.
  • Баланың оқудағы нәтижелерін басқа сыныптастарының нәтижесімен салыстырмаңыз.
  • Баланы жақсы көріңіз.

 

Шын жақсының бойында болмас кегі.

— Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

 

Қазақстан 2050 стратегиясы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Средняя школа №57, улица Шарбакты, 46, Астана

57-astana@edu.kz

+7 (7172) 50-15-36

© 2024 Барлық құқықтар қорғалған.

Прокрутить вверх