ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже Бұл ереже мақсаты оқу үрдісінің жақсы жүруіне жағдай жасау, оқу үрдісіндегі барлық тұлғалардың азаматтық құқықтары қорғау: оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің. Ережені сақтау білім алу сапасын көтереді, ыңғайлы психологиялық жағдай жасайды, мектеп аумағын зорлық-зомбылықтан қорғайды.

 

2. Негізгі түсінік

Ұялы телефон –қарым-қатынас және заманауи адамның беделі, бірақ мұны белсенді түрде көрсетуге болмайды.

Пайдаланушы – білім алу үрдісінде ұялы телефонды пайланатын тұлған.

Мектеп беделіне саналы түрде зиян келтіру – мектеп қарбырғасында жүріп басқаларға көрсету үшін телефон бейнекамерасына түсіру.

 

3. Мектепте ұялы телефонды қолдану шарттары:

3.1. Мектеп ғимаратында ұялы телефонды міндетті түрде дыбыссыз режимге қою қажет. 3.2. Сабақ уақытында телефонды сөндіріп, сөмкеге салып қою қажет.

3.3. Телефонның бүтін болуына, жоғалмауына тек қана иесі жауапты ( ата-анасы, заңды тұлғалар).

 

4. Пайдаланушылар құқығы 4.1. Пайдаланушылар сабақтан тыс уақытта байланыс құралы ретінде пайдалана алады:

4.2. Қоңырау шалу, хабарлама жіберу.

4.3. Ойнау.

4.4. Ақпарат алмасу.

 

5. Пайдаланушыға тыйым салынады: 5.1. Сабақ барысында қандай режимде болмасын, пайдалануға ( есептеуіш, қойын дәптер ретінде де) .

5.2. Мектепке келгенде полифонияны пайдалануға.

5.3.Телефон көмегімен зорлық-зомбылық көрсетуге.

5.4. Мектеп беделіне саналы түрде зиян келтіруге.

5.5. Ұялы телефонды бөтен адамға беруге.

 

 

6. Ережені бұзғаны үшін жауапты Негізгі ережелерді бұзғаны үшін келесі жауапкершіліктер қарастырылады:

6.1. Бір рет бұзғаны үшін, мұғалім директор атына ескертпені баяндап, баяндау жазады (ереже бұзушының түсініктемесі).

6.2. Қайталама ереже бұзушылық кезінде – телефонды алып қою, мектеп әкімшілігінің ата-анасына ескертіп, телефонды беруі, белгілі уақыт аралығында телефонды пайдалануына шектеу қою.

6.3. Дөрекі ереже бұзушылар кезінде (п.5.1.,5.2., 5.3., 5.4, 5.5) телефонды алып қойып, мектеп әкімшілігі ата-анасымен әңгімелесіп, телефонды жыл бойы ұстауға шектеу қою және оқушыны тізімге алу.

 

 

Шын жақсының бойында болмас кегі.

— Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

 

Қазақстан 2050 стратегиясы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Средняя школа №57, улица Шарбакты, 46, Астана

57-astana@edu.kz

+7 (7172) 50-15-36

© 2024 Барлық құқықтар қорғалған.

Прокрутить вверх