
Бүгін мектепте “Үйренейік, ізденейік, жас маман!” атты жас мамандар апталығы аясында жас мамандар мен тәлімгерлердің ұйымдастыруымен “Нәтижелі сабаққа тиімді әдіс — тәсілдер” жәрмеңкесі өтті. Жас мамандар өздерінің оқыту үдерісінде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Іс-шара аясында мектебіміздің жас мамандары креативті идеялардың иесі, жауапкершілігі жоғары жас маман және келешек шебер ұстаз болатынын көрсетті.