АТА-АНАҒА КЕҢЕС
Ата
– аналарға психологиялық ұсыныс-кеңестер.
- Баланың
қойған сұрағына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
- Балаңыздың
жеке бөлмесі немесе бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
- Балаңыздың
шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық
- іс —
әрекетпен айналысып отырса.
- Шешім
қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсетіңіз.
- Балаңыздың
кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
- Күнде
балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
- Отбасымен
шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының
ой-пікірімен
санасыңыз.
- Қателескені
үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
- Баланың
әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
- Жас
мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
- Қиын
нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуде балаңызға
көмек көрсетіңіз.
- Балаңызды
жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы
көретіндігіңізді сездіртіңіз.
- Балаңызбен
бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың
шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
- Балаңыздың
сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
- Балаңыздың
алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі
өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
- Бала
өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
- Істеген
жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
- Баланың
қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
- Балаңыздың
өткір ойлылығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.
Кітап
оқуға деген қызығушылықты қалай оятуға болады?
v Бала сіздің өзіңіздің қалай сүйсіне кітап оқитыныңызды көруі керек. Қалай
кітаптардан мысал келтіре сөйлейтініңізді, қалай кітап оқып күлетініңізді
көрсін. Оқыған қызықты дүниеңізбен бөлісіңіз.
v Бір-біріңізде кезектесіп әңгімелер, қызықты оқиғалар оқыңыздар. Теледидар
көрудің орнына уақытты кітап оқумен өткізіңіз.
v Оқуды қалай бағалайтыныңызды көрсетіңіз: кітаптар сатып алыңыз, кітап
сыйға тартыңыз.
v Бала кітап, журналдарды өзі таңдайтын болсын.
v Баланың өзі оқыған кітаптары туралы пікірін сұрап отырыңыз.
v Баланың
мерзімді баспасөзден жұлдызнама, әзіл-сықақ болсын көп оқуына көңіл бөліңіз.
v Көрнекі жерге баланың кітап оқуда жеткен жетістіктерінің тізімін іліп
қойыңыз. (Қандай уақытта қанша кітап оқығаны туралы).
v Үйде балалар кітапханасы болу керек.
v Баламен бірге сөзжұмбақ шешіңіз.
v Баланы шабыттандыратын белгілі бір тақырыптағы кітаптарды жинаңыз
(мысалы, динозаврлар немесе ғарышқа саяхат жайлы).
v Балаларға ұзақ туындыдан гөрі қысқа әңгімелер оқыған дұрыс. Сонда
бала оқып тауысқан кезде рахаттанатын болады, ұзақ шығармадан бала жалығып
кетеді.
v Бала фильм көрер алдында немесе кейін сол туралы кітап оқуға ұсыныс
айтыңыз.
v Баланың дауыстап оқуына да жағдай жасаңыз. Бұл балаға өз-өзіне
сенімділігін дамытады.
«Баланың
сабаққа деген мотивациясын қалай көтеруге болатыны жайында»
- Балаңызбен мектепке бару мен білім алудың маңыздылығын талқылаңыз.
Бұл өте маңызды.
- Балаңыздан күнделікті оқу күні қалай өткенін сұрап тұрыңыз. Баланың
оқу күні туралы ештеңені бүкпей айтатынына көз жеткізіңіз.
- Балаға үй тапсырмасын және қандай да бір өзі орындау керек жобаның
берілген, берілмегенін сұраңыз.
- Балаңызға ешқандай тапсырма берілмесе, оның 30минут уақытын
қайталау, жаттығу жұмыстарына жұмсауын қадағалаңыз.
- Баламен бірге отырып, оның қандай да бір жетістіктерін талқылаңыз.
Қажет болса, оның қандай да бір жағымсыз іс-әрекеттеріне шектеу жасаңыз.
- Жақсы іс-әрекеттерін мақтаңыз. Тек қана жағымсыз әрекеттерін айта
бермеңіз.
- Балаңыз емтиханды нашар тапсырса да, оған демеу болатын сөздер
айтыңыз.
- Балаңыздың мектепте үлгерімі нашар болатын болса, оған қосымша
көмек көрсетуге үйде дайындауға мұғалім шақыртыңыз.
- Баланың мұғалімімен оған қандай да бір көмек көрсететін
альтернативті көмектер сұрап сөйлесіңіз.
- Ең бастысы баланың үлгерімі мен тәртібі туралы хабардар етіп
отыратын адам- мұғалімімен әрқашанда байланыста болыңыз.
- Баланың алдына нақтылы мақсаттар қоюына көмектесіңіз: неге қол
жеткізу керек, қандай білім алу керек.
- Баланың сол мақсатына жету уақытын бірлесе белгілеп алыңыз.
- Мүмкіндігінше бала білім алудың нақтылы неге қажеттігін білу
керек.(Маған мұны білудің қажеті қанша, өмірде оны қалай пайдаланамын)
- Оқу үрдісі кезіндегі баланың нәтижелерін уақытылы қадағалап
отырыңыз.
- Баланы мадақтаудың әдісін ойлап табыңыз (бүкіл отбасының алдында
мақтау). Оған мотивация болатындай баланың нақтылы іс-әрекетін мақтаңыз.
- Жасөспірімге үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз. Жақсы сөз айтып,
кеңестер беріп отырыңыз.
- Мектепте жаңа білім алуына ынталандырыңыз.
- Жасөспірімдер топтасып, бір-бірімен араласа жүріп, бірлесе жұмыс
істейтін болғандықтан, білім алу да солай іске асуы керек.
- Баланың жағымды
әрекетін талқылаңыз. Оның оқу пәндеріне қатысты пікірін сұраңыз.
- Баланың оқудағы нәтижелерін басқа сыныптастарының нәтижесімен
салыстырмаңыз.
- Баланы жақсы көріңіз.
Средняя школа №57, улица Шарбакты, 46, Астана
57-astana@edu.kz
+7 (7172) 50-15-36
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған.