Астана қаласы әкімдігінің «Мәшһүр Жүсіп атындағы № 57 орта мектеп» ШЖҚ МКК
Жаппай оқумен қамтылу жағдайы, «Мектепке жол» акциясы, «Қамқорлық» акциясы
Бақылау негізі: 2023-2024 оқу жылында
Жаппай оқумен қамтылу жағдайы. «Мектепке жол» акциясы, «Қайырымдылық» акциясын
ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Бақылаудың мақсаты: Аз қамтылған, ата ана қамқорлығынсыз қалған
оқушыларды жаппай оқумен қамту.
Бақылау объектілері: Аз қамтылған, ата- ана қамқорлығынсыз қалған
оқушылар.
Бақылау нәтижелері:
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы бойынша осы
қордан көмек алуға мына санаттағылар құқылы:
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан
балалар;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен
мемлекеттік АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар;
3) жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан
балалар;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.
Ата-ана, баланың заңды өкілі материалдық көмек алу үшін egov.kz электрондық
үкімет порталы арқылы немесе халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді.
Басқа жағдайларда-білім беру ұйымына растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
«Жалпыны міндетті оқыту» қорынан 2023-2024 оқу жылында мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін бір балаға 41 мың теңге көлемінде жұмсалды. Қаржылай көмек алушылардың жалпы саны 306 оқушыны құрады, оны ішінде: І санат бойынша – 91 оқушы, ІІ санат бойынша – 58 оқушы, ІV санат бойынша – 157 оқушы. Көмек алушылар бастауыш 1-4 сыныптар бойынша – 134 оқушы, 5-11 сыныптар бойынша – 172 оқушыны құрады.
Қаржылық және материалдық көмек
алуға арналған тізім оқу жылы ішінде бір рет жасалады.
Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын оқушылар «Мектепке жол» республикалық
акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек ала алады.
Жыл сайын еліміздің барлық аймақтарында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
Бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға,
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына
дайындық кезінде материалдық және басқа да көмек көрсету және балалардың
мектепке бармауының алдын алу себептері.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, аз қамтылған және қолайсыз
отбасыларға балаларды мектепке дайындауда материалдық көмек көрсету, мұқтаж
балаларға нақты атаулы көмек көрсету мәселелеріне қоғам мен халықтың назарын
аудару мақсатында ұйымдастырылды..
«Қамқорлық» акциясы аясында 1-11 сыныптар арасында «Бала - болашағымыз!» атты қазіргі заманда балалар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, ізгі іс жасауға баулу шарасы өтті. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Мектеп оқушылары «Қайырымдылық жәрмеңкесін» өткізіп, жиналған қаражатқа тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, жеміс-жидек, тәттілер сыйлады. Мектеп ұжымы да бұл шараға ұйымшылдықпен көмек қолын созды. Нәтижесінде қамқорлық айлығы аясында 33 отбасыға қаржылай және азық-түлік себеттерімен көмек көрсетілді. Ауыр науқастанып жатқан 1 оқушының операциясына қаржылай демеушілік жасалды. Көмекке мұқтаж отбасылар туралы мәліметтер базасы жасақталды
Әлеуметтік педагог: Г.Абилова
Г.Молбаева
Средняя школа №57, улица Шарбакты, 46, Астана
57-astana@edu.kz
+7 (7172) 50-15-36
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған.