ОҚУШЫЛАР КОДЕКСІ
Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті.
- Ғылым
мен білімнің негізін қалап, өз біліміңді жетілдір.
- Сабаққа
кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтарыңмен дайын
кел.
- Ең
бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсет және күнделікті үй
тапсырмасын жаз.
- Мектеп
ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектес.
- Қоғамдық
өмірге белсене араласып өзіңді саналы түрде болашақ мамандық
таңдауға дайында. Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау
барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақта. Өрт
қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, біл және сақта.
- Мектептің
қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына
белсене қатыс.
- Туған
жердің табиғатын, халқыңның байлығын сақтап, қорғап көбейтуге ат
салыс.
- Мектептің,
өзіңнің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен
тәртіпті сақта.
- Оқушы
мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орынан келтіру керек.
- Біреудің
затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен
затты кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыру керек.
- Сабақ
кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды.
- Босатылған
сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе ата-анасынан ескертпе
қағаз әкелу керек.
- Салауатты
өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналысып, шынық, өзіңді
Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне дайында.
- Заманауи
талапқа сай мәдениет пен техниканы меңгеріп, әр түрлі шығармашылық
қабілеттеріңді дамыт.
- Өз
еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалан.
- Қоғамдық
орындар мен көшеде әдеп ережесін сақта.
- Достарыңа
адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын
дамыт.
- Ата-ана,
отбасы мүшелеіне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектес.
- Ұстаздардың
еңбегіне құрметпен қара. Мұғалімдердің, оқушылардың өзін өзі басқару
ұйымының талаптарын белсенді қолдап, орында.
- Мектеп
формасын, Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің
бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақта.
ОҚУШЫНЫҢМІНДЕТТЕРІ:
- Оқу
жылы бойына себепсіз сабақтан қалмауға.
- Сабаққа
ұқыпты қатынасып, үй тапсырмасы үнемі орындап отыруға, қосымша
білімін көтеруге.
- Мектеп-лицей
бағдарламасымен шектеліп қана қоймай, ізденіп ғылыми жұмыстарды орындауға,
мүмкіндігіне қарай олимпиада, конференцияларға қатынасуға.
- Қабілетіне,
қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге қатынасуға, қоғамдық жұмыстарға
белсене араласуға.
- Мектеп-гимназиясының
мүлкін, басқа жабдықтарын сақтауға, бүлдірмеуге, ластамауға бүлдірген
жағдайда шығынның орнын толтыруға (ата-анасының көмегімен).
- Мектепте
және қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға, дөрекіліктен аулақ
болуға.
- Үлкенге
құрмет, кішіге ізет білдіруге.
- Жасы
кішіге, әлсіздерге, жаңадан келген оқушыларға үстемдік, өктемдік
жасамауға.
- Мектептегі
мұғалімдерімен, арнайы келген қонақтарымен, техникалық қызметкерлермен
таныс болмаса да сәлемдесіп жүруге.
- Мектеп
ережесіне сәйкес формасын сақтауға және мектеп ішіне екінші аяқ киім
киюге.
- Барлық
уақыттарында орыс тілінде сөйлемеуге, мектепте сағыз шайнамауға, «жаргон»
сөздерді қолданбауға.
- Темекі
шегу, насыбай, алкогольді ішімдіктерден, нашақорлықтан аулақ болуға.
- Мұғалімнің
үйге берілген тапсырмасын бұлжытпай орындауға.
- Мектеп-лицей
ішіне ұялы телефон ұстамауға, ұстаған жағдайда оқу-тәрбие үрдісінің
жүйелі өткізілуіне кедергі жасамауға.
Оқушылардың сабаққа дейін, сабақтан кейін өзін өзі
ұстау ережесі:
- Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті:
- Өзінің
жұмыс орынын тәртіпке келтіру тазарту;
- Мұғалімнің
талаптарына бағыну;
- Мұғалім
ескертсе сыныптан шығу;
- Үзіліс
кезінде оқушы мектептің ішінде оқушының қауіпсіздігі үшін тиым салынған
(мектептің төбесі, подвал, физикалық, химиялық лаборатория) жүруге
болмайды, басқа жерлерде еркін жүре алады;
- Үзіліс
кезінде оқушыларға әкімшілктің және сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп
ауласына шығуға болмайды
- Үзіліс
кезінде оқушыларға бірін бірі итеруге, күш қолдануға болмайды;
- Терезе
жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тиым салынады;
- Үзіліс
кезінде оқушылар баспалдақпен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде
жүгіруге болмайды;
- Кезекші
сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі;
- Сабақ кезіндегі тәртіп:
- Мұғалім
сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады, амандасады;
- Сабақ
кезінде өзінің де өзгенің де керекті білім алуына кедергі жасайтындай шу,
бөтен әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмау керек.
Қатаң тиым салынады:
- 1.
Мектептің күнделікті ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей
қалу/
- 2.
Мектепке сай формасын сақтамауға;
- 3.
Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;
- 4.
Түнгі уақытта ата-аналарының қарауынсыз коғамдық орындарда,
көшеде жүруге;
- 5.
Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;
- 6.
Сабақ барысында ұялы телефондарды пайдалануға;
- 7.
Оқушылардың бағалы заттарының жоғалуына мектеп әкімшілігі жауап бермейді
(ұялы, телефон, құнды заттар, ақша);
- 8.
Сабақ кезінде, түнгі уақытта компьютерлік клубтарға баруға;
- 9.
Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ
баллондарын әкелуге.
Средняя школа №57, улица Шарбакты, 46, Астана
57-astana@edu.kz
+7 (7172) 50-15-36
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған.